Қазақстан Президенті Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді

Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.

Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағандыдағы «Сарыарқа» АЭА-дағы бірқатар нысанды аралап көргендігін хабарлағанбыз.