Қазақстан Президенті «Қазақ елі» монументі алдында Конституция күніне арналған әскери шеруді қабылдайды

АНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Қаламқас Әбуова/ - Бүгін Қазақстан Республикасында - Конституция күні. Негізгі мемлекеттік мерекелердің бірі биылғы жылы айрықша кеңінен атап өтілуде. Еліміздің барлық аймақтарында осы айтулы күнге арналған түрлі іс-шаралар өтуде.
None
None

 Қазақстандықтар - үш күн демалады.

 Бүгін Астанада «Қазақ елі» монументінің алдындағы алаңда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Конституция күнінде алғаш рет өткізіліп отырған әскери шеруді қабылдайды.

 «Қазақ елі» монументі елорданың 10 жылдығына орай тұрғызылған болатын. Оның орталық элементі - биіктігі 91 метрлік ескерткіш, ол Қазақстанның тәуелсіздік алған жылын және еліміздің егемендігін білдіреді.

Соңғы жаңалықтар