08:05, 03 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қазақстан Президенті Қытайдағы Жеңіс парадына қатысуда (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қытай халқының жапон шапқыншылығына қарсы соғыстағы Жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысуда.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, парадқа сондай-ақ 20-дан астам елдер мен үкіметтер көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары қатысуда.
Тяньаньмэнь алаңындағы салтанатты шеру барысында ҚХР әскерлердің барлық түрі, жаңа әскери техника үлгілері, сондай-ақ шетелдік қарулы күштер бөлімшелері сап түзеп өтеді.
Қазақстандық тараптан парадқа ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері құрметті қарауылының ротасы қатысатын болады.