07:37, 12 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украинаның филолог ғалымдары Павлодарда қазіргі заманғы лингвистика проблемаларын талқылады
ПАВЛОДАР. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан, Ресей, Беларусь және Украинаның жетекші филолог ғалымдары Павлодар мемлекеттік университетіндегі «дөңгелек үстел» басында тәжірибелерімен алмасты,

деп хабарлады ЖОО-ның баспасөз қызметінен.
Олар заманауи лингвистиканың тілдің көп мәдениетті кеңістігі аспектісіндегі көкейкесті проблемаларын, Қазақстан және басқа елдердегі көптілдіктің теориялық және практикалық мағынасын талқылады.
«Дөңгелек үстелдің» жұмысына бұл күндері ПМУ-де жұмыс істеп отырған «Когнитивтік лингвистикадағы жаңа парадигмалар мен шешімдер» халықаралық қысқы ғылыми мектебінің дәрісшілері белсенді қатысты. Мұнда Кемерово, Саратов, Витебск, Киевтің жетекші ғалымдары сабақ жүргізуде.