12:29, 31 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстан-Ресей демаркациялық комиссиясының отырысы өтті
АСТАНА. Қаңтардың 31-і. ҚазАқпарат. 2009 жылғы 26-30 қаңтар кезеңінде Мәскеу қаласында мемлекеттік шекараны демаркациялау жөніндегі Бірлескен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының оныншы отырысы болып өтті,

деп хабарлады ҚазАқпаратқа СІМ баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекарасын демаркациялау процесін реттейтін нұсқаулықтар келісілді. Сонымен қатар, шекаралық белгілерді орнату орындарын анықтау жөніндегі жұмыс жалғастырылды.
Бірлескен қазақстан-ресей демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы 2009 жылғы наурыз айында Ресей Федерациясында өтеді.