12:02, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қазақстан-Ресей шекарасынан 51 тонна мұнай битумын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал шекара отрядына қарасты «Сырым-авто» бақылау-өткізу бекетінің (Батыс Қазақстан облысы) шекара наряды елімізге мұнайлы битумды заңсыз жолмен өткізуге тырысқан Ресей Федерациясының екі азаматын ұстады.

«Скания» және «МАЗ» жүк көліктерін шекаралық тексеруден өткізу кезінде аталған екі азамат жалпы салмағы 51 тонна болатын мұнайлы битумға қатысты құжаттарды көрсете алмады.
Ұсталған жүк ҚР Қылмыстық кодексінің 197 бабының 1-тармағы бойынша рәсімделіп (мұнайды және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ құжатсыз мұнайды өңдеу), материалдар Батыс Қазақстан облысының Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.