Қазақстан-Ресей университетінде Білім күні өтті

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат - 1998 жылғы сәуірдегі Мәңгілік достық және ынтымақтастық туралы Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы декларацияға сәйкес Қазақстан-Ресей университеті құрылған болған, деп хабарлайды Қазақстан-Ресей университетінің баспасөз қызметі.
None
None

1998 жылғы шілденің 6-сындағы декларацияға ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев пен РФ Президенті Б.Н.Ельцин қол қойды және онда екі елдің бірлескен оқу орны құрылатыны айтылған. Қазақстан-Ресей университеті құрылтайшыларының бірі - Мәскеудегі Қазіргі заманғы гуманитарлық академия - ТМД мен Еуропадағы ең ірі білім беру мекемесі болып табылады. Қазақстан-Ресей университеті мен Қазіргі заманғы гуманитарлық академия өзінің қызметінде ұзақ мерзімді перспективаға арналған негізгі принциптерді және өзара қарым-қатынастарды, оның ішінде Декларацияда айқындалған білім беру саласындағы бағыттарды басшылыққа алады.

Қазақстан-Ресей университетінің қалыптасуына ҚР Президенті Н.Назарбаевтың белсенді қатысып отырғанын атаған жөн. Елбасы университет басшыларымен сөйлескен кезінде Қазақстанда «лицей-колледж-ЖОО» үздіксіз білім беру жүйесін құру туралы идеясын ұсынған болатын.

Бүгін Қазақстан-Ресей университетінде өткен Білім күні мерекесіне Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы елшісі Михаил Бочарников қатысып, университеттің профессорлар-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті.

Соңғы жаңалықтар