Қазақстан, Ресей және Беларус арасындағы Кеден одағы шілденің 6-сынан бастап күшіне енеді-Д. Медведев

АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан, Ресей және Беларус арасындағы Кеден одағы ағымдағы жылғы шілденің 6-нан бастап күшіне енеді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен ЕурАзЭқ Мемлекетаралық кеңесінің 27-ші мәжілісінен кейінгі бірлескен мәлімдемеде Ресей Президенті Дмитрий Медведев айтты.
None
None

«Біз Кеден одағының жоғарғы органының отырысын өткіздік. Кеден кодексі күшіне енуіне байланысты мәлімдемеге қол қойылды. Ол үш ел арасындағы Кеден одағы аясындағы қатынастарда шілденің 6-нан, Ресей мен Қазақстан арасында шілденің 1-нен бастап қолданылады», деді Д. Медведев.

Оның айтуынша, Кеден одағы қызметінің құқықтық және қаржылық қырларын реттейтін бір топ халықаралық келісімшарттар қабылданды. Көптеген арнайы шешімдер бекітілді. Дейтұрғанмен, Ресей басшысы алда Біртұтас экономикалық кеңістікті құруда ауқымды жұмыстар күтіп тұрғанын атап көрсетті. «Бұл шын мәнінде пайдалы және қызықты іс. Осыны ескеретін болсақ, бір барлық мәселелер бойынша келісетінімізге сенімдімін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар