Қазақстанның Израильдегі Елшілігі Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты үндеу жасады
АСТАНА. KAZINFORM – Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. Бұл туралы Елшіліктің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Таяу Шығыстағы жағдайдың ұшығуына байланысты Қазақстанның Тель-Авивтегі Елшілігі Израильдегі барлық Қазақстан азаматтарына қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Елшілігімен байланыста болуды сұрайды», - делінген хабарламада.
Израильдегі Қазақстан азаматтары үшін жедел желі телефон нөмірлері:
Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің байланыс нөмірлері:
+972 (3) 503 78 85 (кезекші)
+972 53 635 19 83 (ұялы телефон, WhatsApp)
+972 55 273 38 13 (ұялы телефон, WhatsApp)
+7 700 111 31 96 (WhatsApp)
Айта кетейік, бұған дейін Иран Израильді бомбалады, қаптаған зымыран ұшырды.
Артынша, Ұлыбритания Иранның Израильге зымырандық шабуылын айыптады.
Сондай-ақ Иран мен Ауғанстан шекарасында 10 шақырымдық қабырға тұрғызылды.
Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Таяу Шығыстағы күрделі ахуалға байланысты мәлімдеме жасады.