Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» балалардың суреттері көрмесі өтеді

None
None
ТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат. 2011 жылғы 28 бен 30 қараша аралығында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында «Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» балалардың суреттері көрмесі өтеді, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Көрмеде еліміздің барлық аймақтағы балалардың ең үздік 240 суреттер орналастырылады. Сонымен бірге, ең үздік суреттер Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында «Виртуалды көрме» айдарында орналастырылды.

Көрменің мақсаты конкурс қатысушылары арасында ынтымақтастықты орнатуға және тәжірибемен алмасуға жағдай жасау, балалардың шығармашылық бастамасын іске асыру жолдарын кеңейту.

2011 жылғы 30 қарашада сағ.: 11.00 Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында депутаттық корпус, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Астана қаласының білім басқармасы өкілдерінің, ата-аналар қоғамдастығының, ҮЕҰ-ның, «Жас Ұлан» республикалық ұйым мүшелерінің, Астана қаласы оқушыларының қатысуымен «Біздің ортақ үйіміз - Қазақстан» атты республикалық балалардың сурет конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі жоспарлануда. Конкурс жеңімпаздарына дипломдар және естелік сыйлықтар табыс етіледі.

Соңғы жаңалықтар