«Қазақстан Республикасындағы көрме-жәрмеңке қызметі туралы» заң қабылдау қажет - дөңгелек үстел отырысы

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Көрмелер қызметін заңдық тұрғыда реттеуге бағытталған халықаралық тәжірибені ескере отырып, «Қазақстан Республикасындағы көрме-жәрмеңке қызметі туралы» заң қабылдау қажет.
None
None
Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасындағы көрме қызметін дамытудың перспективалары мен проблемалары. Көрмелер тиімділігін бағалаудың әдісі» атты дөңгелек үстел отырысында «Қазақстандық көрмелер мен жәрмеңкелер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Ерлан Орынтаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, бүгінде халықаралық деңгейде ұйымдастырылатын көрмелер барынша кеңейе түсуде. Осыған орай өздерінің өнімдерін көрсету үшін елімізге келіп жататын шетелдік компаниялардың саны аз емес. Көрме Қазақстанның да іскерлік мүмкіндіктерін танытатын маңызды шара. «Ал бұл салада бізде қалыптасқан мәселелер баршылық. Оның негізгісі көрме қызметін реттейтін тиісті заңнамалық нормалардың жоқтығымен байланысты. Еліміз бүгінде көрме ұйымдастыруға қатысты халықаралық құжаттардың қатысушысы ғана. Сондықтан бізге осы саланы реттейтін заңдық күші бар құжат қажет», - деді Е.Орынтаев. Оның сөзіне қарағанда, аталмыш құжатты дайындау ісін «Қазақстандық көрмелер мен жәрмеңкелер қауымдастығымен» бірлесіп дайындаған абзал. Өйткені қауымдастықтың бұл салада үлкен тәжірибесі бар. «Сонымен қатар көрме нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, Кеден және Салық кодекстеріне де тиісті өзгерістер енгізген оң болар еді», - деді қауымдастық президенті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум