Қазақстан семсерлесуден Мысырдағы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның ерлер құрамасы қылыштасудан Мысыр астанасы Каирде өтетін әлем кубогы кезеңіне қатысады.

Қазақстан семсерлесуден Мысырдағы әлем кубогы кезеңінде бақ сынайды
Фото: ҰОК

Халықаралық жарыста ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

– Бексұлтан Әбжал

– Қуаныш Ерғашбай

– Жанат Нәбиев

– Қайназар Нұрқатұлы

– Нұрсат Айтмырза

– Артем Саркисян

– Сұлтан Станбек

– Нұрмұхаммед Жайлыбай

– Артур Чупраков

– Назарбай Саттархан

Әлем кубогының кезеңі 22-23 мамыр күндері өтеді.

Айта кетейік, Нұрмұхаммед Жайлыбай биыл сәуір айында Бразилияда өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған еді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан семсерлесуден Колумбиядағы Гран-при турнирінде бақ сынайды