09:40, 17 Қараша 2022 | GMT +5
Қазақстан сейсмологтары 2 жер сілкінісін тіркеді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘК» ЖШС-ның сейсмикалық стансалар желісі 17 қараша күні 2 жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Біріншісі Алматы уақытымен 6 сағат 32 минут 12 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 340 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.6. MPV тербелісі – 4.4. Тереңдігі – 5 км. Координаттары – 41.30° с.е. 80.13° ш.б. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ. Екіншісі 17 қараша күні 8 сағат 47 минут 4 секундта тіркелді. Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 1076 шақырым жерде Қытай мен Моңғолияның шекарасында орналасқан. Энергетикалық санаты – 11.4. MPV тербелісі – 4.9. Тереңдігі – 5 км. Координаттары – 49.00° с.е. 88.02° ш.б. Жерасты дүмпуі Алматыда сезілген жоқ.
Фото: earninginmotion.com