16:27, 04 Қыркүйек 2017 | GMT +5
«Қазақстан» шахтасында уланған кеншілер ауруханадан шықты
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында 31 тамыз күні метан газының кенет таралуының салдарынан уланып қалған үш кенші үйлеріне жіберілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Александр Иванов, Валентин Шаповалов және Аян Тұрсынбековтер өздерін жақсы сезінеді. Олардың денсаулығы қауіпсіз жағдайда. Зардап шеккендер компанияның есебінен оңалтудан өтеді», - деп хабарлайды «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының баспасөз қызметі.
Біл өлімнен аман қлған кеншілер толықтай сауыққан кейін бұрынғы жұмыстарына оралуға ниетті.