Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы шаңғымен тұғырдан секіруден Закопане қаласында (Польша) өтіп жатқан Orlen Cup халықаралық турнирінде үш жүлде жеңіп алды.

Қазақстан шаңғымен тұғырдан секіруден Польшадағы турнирде тағы үш медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК

Алтын медальді Сергей Ткаченко иеленді. Қазақстандық спортшы ересектер арасында өткен жарыста топ жарды.

Даниил Калинкин U21 санатында жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді. Сондай-ақ Артем Мешков 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орын алып, қола медаль жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін жасөспірімдер санатында Керейхан Қабдулла бірінші орынға, ал Александр Филоненко үшінші орынға ие болған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Польшада қос отандасымыз шаңғымен тұғырдан секіруден жүлдеге ие болғанын хабарлағанбыз.