Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен Өзбекстан және Украина азаматтары қолға түсті

АҚТӨБЕ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Өткен күндері Ақтөбе стансысының теміржол вокзалында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында Қазақстан Республикасының шекарасынан заңсыз өткен Өзбекстан және Украина азаматтары қолға түсті.
None
None

Батыс көлік ІІД баспасөз қызметінің хабарлағанындай, 29 жастағы өзбек пен 60 жастағы украин азаматтарында жеке тұлғаларын анықтайтын, көлік қозғалысына арналмаған құжаттар бар болған. Олар Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының шекара бекеттерінен жүк пойызы арқылып өтіп, Илецк стансысынан Ақтөбе стансысына дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткен.

Қазіргі таңда ұсталған азаматтарға қатысты тексеріс жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар