13:54, 03 Ақпан 2026 | GMT +5
Қазақстан шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын 2 медальмен аяқтады
АСТАНА. KAZINFORM – АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында шорт-тректен жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты аяқталды.
Аталған жарыста Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды.
Богдан Вехов қола жүлдені місе тұтты. Ол 1 000 метр қашықтықта үшінші болып мәреге жетті.
Әйелдер эстафетасында Полина Омельчук, Нұрия Алпысбай, Гүлдана Жалмұхан және Анастасия Галечина да жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтеріліп, қола медаль алды.
Полина Омельчук 1 000 метр қашықтықта жүлдеге бір қадам жетпей, төртінші орынға тұрақтады. Сонымен қатар спортшы В финалына екі рет (500 және 1 500 метр) жолдама алды.
В финалына Богдан Вехов (1 500 метр), Павел Цой мен Тамирлан Жолдас (500 метр) өтті. Сондай-ақ ерлер құрамасы да эстафетаға жолдама алды.