Қазақстан ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының жұмысын әрі қарай ширатады - Ә.Шаяхметов
КЕНТ. Қазанның 16- сы. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстан келесі жылы Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының жұмысын әрі қарай ширата түседі.
Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары, ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым кеңесінің төрағасы Әділ Шаяхметов мәлім етті.
Жұма күні Ташкентте ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылым кеңесінің XV мәжілісі өтіп, оның барысында Кеңестің 2010 жылғы төрағалығын Қазақстанға тапсыру туралы шешім қабылданғанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.
Ә.Шаяхметов өз сөзінде атап көрсеткендей, Кеңестің және жалпы ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің қызметі соңғы уақытта дамып келеді. «Ағымдағы жылы Ресейде өткен ШЫҰ мемлекет басшыларының саммитінде құрылымның қызметіне және жүргізіліп жатқан жаттығуларға оң баға берілген болатын. Ағымдағы жылы Тәжікстанда «Норак-Лаңкестікке қарсы-2009» жаттығуы өткізілді. Осыған байланысты, осындай жаттығуларды дамытуға кеңес берілді», деп атап көрсетті Ә.Шаяхметов өз сөзінде.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бірінші орынбасарының айтуынша, келесі жылдан бастап ШЫҰ Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымының Атқару комитеті мен Кеңесіне үлкен міндеттер жүктеліп отыр, оның ішінде Қытайға «ЭКСПО-2010» көрмесін және Шайхайда Гуанчжоу Азиялық ойындарын өткізуге көмектесу міндеті жүктелді. Сондай-ақ 2011 жылы Қазақстанда өтетін қысқы Азиялық ойындарға ақпараттық және басқа да сипаттағы көмектер көрсету туралы қазақстандық тараптың ұсынысы мақұлданыи отыр.
«ШЫҰ елдерінің арнайы қызметтері мен құқық қорғаушы органдары аталған міндеттерді бірлесіп атқара алатынына сенімдімін», деп түйіндеді сөзін Ә.Шаяхметов.