11:43, 06 Шілде 2009 | GMT +5
«Қазақстан» спорт сарайы жанындағы саябақта балаларға арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр
АСТАНА. Шілденің 6-сы. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - «Қазақстан» спорт сарайы жанындағы саябақта балаларға арналған мерекелік шаралар өтуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жерде елордалық балғындарға цирк әртістерінің қойылымдары, қуыршақтар мен сайқымазақтар шоуын қызықтап, ертегілер кейіпкерлерінің бейнесінде киінген клоундардың арнайы бағдарламасын тамашалауға мол мүмкіндік бар.
Сондай-ақ отбасы мүшелерімен демалуға қолайлы алаңқайлар мен ойын-сауықтық қалашықтар, аттракциондар құрылған.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мерекелік шарада балалардың көркемдік-шығармашылық топтары өнер көрсетеді. Концерттік нөмірлермен қатар, балалар мен ата-аналар түрлі сайыстарға, спорттық жарыстарға, байқаулар мен ойындарға атсалысатын болады.