05:16, 12 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Қазақстан спортшылары әлем чемпионатында үшінші рет ел рекордын жаңартты
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық жүзушілер Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан қысқа қашықтыққа жүзуден әлем чемпионатында ел рекордын жаңартуды жалғастырып жатыр. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді.

11 желтоқсанда спортшыларымыз 4х50 метрлік аралас эстафетада жаңа рекорд жасады.
Аделаида Пчелинцева, Әділбек Мусин, Глеб Коваленя және Ксения Игнатова эстафетаны 1:42.20 уақытта аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан рекордын Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй) және ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стильдегі эстафетада жаңартқан еді.
Өскемен қаласында волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионаты екінші турының ойындары аяқталғанын жазған болатынбыз.