Қазақстан спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM Испанияның Алькобендас қаласында спорттық құзға өрмелеуден әлем кубогының кезеңі өтті.

м
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық спортшылар «жылдамдық» дисциплинасында бақ сынады.

Әмір Маймұратов 1/8 финалға дейін жетіп, 13-орынға тұрақтады. Дамир Тоқтаров та ширек финал жолдамасы үшін сынға түсуі керек болған, алайда жарыс жолына шыққан жоқ. Нәтижесінде ол 16-орынды иеленсе, Әлішер Мұрат 33-сатыдан көрінді.

Әйелдер арасында Тамара Улжабаева 22-нәтиже көрсетті. Анна Баларшина 27-орын алса, Арина Новицкая 36-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Елдос Сметов Қытайда өтетін Гран-при турниріндегі басты қарсыластарын білді.