Қазақстан Стати ісін Тимур Құлыбаевтың есебінен реттеді ме – министр жауабы

АСТАНА. KAZINFORM –  Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында Қазақстан Үкіметі мен ағайынды Статилер арасындағы көпжылдық даудың аяқталуы туралы пікір білдірді.

  Қазақстан Стати ісін Т.Құлыбаевтың есебінен реттеді ме – министр жауабы
Фото: Kazinform коллажы

- БАҚ-та Қазақстан Стати ісін Тимур Құлыбаевтың есебінен реттегені туралы ақпарат тарады. Бұл ақпаратты растайсыз ба? Шынымен де Қазақстан Стаити ісін ерттеу үшін 500 млн доллар өтеуге міндеттелді ме? - деп сұрады журналист Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.

Министр екі тарап құпия келісімге қол жеткізгендіктен екінші жақтың келісімі болмаса, істің егжей-тегжейін ашып айта алмайтынын түсіндірді.

- Жалпы айтқанда, өткен жылы Әділет министрлігі жағынан толыққанды ақпарат берілді. Бұл мәселе біздің жақтан жабылды. Қазіргі кезде бүкіл тиісті келісімшарттар құпия түрде жазылған. Сондықтан мен екінші тарапсыз бұл ақпаратты сізге ашық түрде айта алмаймын. Құпия түрде жасалғандықтан бұл мәселе жабық тұр. Бүгінгі кезде бюджеттен бір де бір тиын қосымша тартылған жоқ, - деді Ерлан Сәрсембаев.

Еске салсақ, былтыр Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Ұлттық қорға 80 млн доллар сомасында қайтарылған актив туралы түсінік берген еді. 

Соңғы жаңалықтар