Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жаңа талқылау алаңын ашты
Сараптама алаңындағы алғашқы отырыста «Мемлекет басшысының саяси реформалары» тақырыбы талқыланды.
Модератор – ҚР Президентінің жанындағы ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов өз сөзінде талқылау алаңының жаңа ой-пікірлерді қалыптастыруға және ел дамуы мәселелері бойынша жаңа идеяларды іздеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Біздің бүгінгі басқосуымыз өте маңызды. Біз Ұлттық сараптама алаңының алғашқы отырысын ашамыз. Оның атауын қазіргі заман рухында, жаңа Қазақстанның құрылуы кезеңінде «ҚСЗИ GPS» деп атадық. Яғни, бұл Қазақстанның дамуы үшін үнемі жаңа идеяларды іздестіріп жүретінімізді білдіреді. Екінші жағынан, қазақ тілінде GPS-ті «Gylym. Pikir. Sayasat» деп түсіндірдік. Қазіргі уақытта қоғам мен биліктің үнемі сараптамалық диалогқа және пікір алмасуға мүдделі екені байқалады. Біз қандай Қазақстанды құрып жатырмыз, барлық қазақстандық жақсы өмір сүруі үшін, Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың одан да табысты мүшесі болуы үшін не істеуіміз керек және не істеп жатырмыз? Осы мәселелердің барлығы азаматтарды қызықтырып отыр», - деді Еркін Тұқымов сараптамалық алаңның ашылуында.

Алғашқы жиынға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі Ләззат Сүлеймен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев, «AMANAT» партиясының хатшысы Дәулет Кәрібек, ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ермұхамет Ертісбаев және басқалар қатысты.
