Қазақстан тау шаңғысы курортын дамытуда Армения мен Андоррадан тәжірибе алуына болады - Халықаралық шаңғы спорты федерациясының кеңесшісі

АЛМАТЫ. 10 қазан. ҚазАқпарат - Халықаралық шаңғы федерациясы (FIS) Қазақстанның тау шаңғысы курорттарын дамытуға көмектесуге әзір. Оны федерецияның қызметт көрсету мен жарнама жөніндегі кеңесшісі Йозеф Зенхойсерн Алматыда өткен Тау шаңғысы курорттары туралы бірінші еуразиялық конференция кезінде айтты.
None
None

«Қытайда кіру ақысы күніне 75 еуро, ал Иранда 7 еуроны құрайтын тау шаңғысы курорттары бар. Көп жағдайда қарапайым халық олардың бағасын шетелдік туристермен байланыстырады. Алайда бұл шындыққа сай келмейді. Жалпы тау шаңғысы курорттарын дамытудағы негізгі өлшем қолжетімділік болуы тиіс», - дейді Й.Зейнхойсерн. Оның айтуынша, курорттарды дамыту үшін ішкі туризмге айрықша көңіл бөлу керек. Қазақстан бұл бағытта Андорра мен Арменияның тәжірибесін алуына болады. Онда шаңғы тебу мектебі қалыптастырып, бір күн шаңғы тебуге арналған. Сондай-ақ Қазақстандағы курорттарда жарнамаға инвестицияның кемінде 1 миллионын жұмсау керек. Балаларға шаңғы тебуді тегін үйрету арқылы ішкі туризмді дамытуға мүмкіндік бар.

Соңғы жаңалықтар