Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық құрметіне «Эйр Астана» ұшақтарды ұлттық бейнелемемен әшекейлейді

ТАНА. 19 шілде. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне «Эйр Астана» ұшақтарды ұлттық бейнелемемен әшекейлейді.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық құрметіне «Эйр Астана» ұшақтарды ұлттық бейнелемемен әшекейлейді

Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Эйр Астана» әуе компаниясы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу құрметіне 10 әуе кемесін ұлттық бейнелемемен және «Қазақстан Тәуелсізідігі» мен «Kazakhstan Independence» жазуларымен әшекейлейді. Қазақстанның әлемдік имиджын дамытуға және еліміздің өміріндегі маңызды оқиғаға шетелдік қонақтардың назарын тартуға бағытталған бұл шара 2011 жылдың соңына дейін созылады.

«Бірегей дизайнмен «Боинг 767» және «Эйрбас А 320» ұшақтары әшекейленеді. Ұшақ фюзеляжына мерейтой бейнелемесін салу үшін ылғалдылыққа, ультракүлгін сәуелелерге және температура айырмаларына төзімді сертификатталған өзі желімделетін пленка қолданылады. Бір әуе кемесін маркерлеуге 10 сағат шамасында уақыт керек болғандықтан және бұл жұмыс жоспарланған ұшулар арасындағы үзілістерде ғана істелетіндіктен, мерейтой пленкасын жапсыру үрдісі 2011 жылдың қыркүйегінде аяқталады. Қазақстан Тәуелсізідігінің 20 жылдығы бейнелемесімен әшекейленген ұшақтар 23 ішкі және 31 халықаралық бағыттарда рейстерді жүзеге асырады. Сонымен бірге әуе компаниясы күніне орташа алғанда 6093 жолаушыны тасиды», - делінген баспасөз айғағында.