«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Алматы облысынан тепловоз аккумуляторларының жаңа ұрпағының соңғы тобын тиеп әкетті
ТАЛДЫҚОРҒАН. 18 қараша. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Талдықорғандағы «Zhersu Power» ЖШС аккумулятор зауытында тепловоздарға арналған жаңа ұрпақ аккумуляторлары жасалып, шығарылуда.
Тәжірибелік үлгілер ойдағыдай мақұлданған соң зауыт «Қазақстан темір жолы» АҚ ұлттық компаниясынан 212 миллион теңге тұратын 200 аккумулятор жасауға тапсырыс алған болатын.
«Zhersu Power» ЖШС директоры Ерлан Қадырбаевтың айтуынша, тепловоздарға арналған аккумулятордың барлық техникалық құжаттамасы зауыт қабырғасында дайындалған.
Зауыттың жаңа өніміндегі қазақстандық үлес 80 пайыздан артық.