12:16, 11 Қаңтар 2010 | GMT +5
«Қазақстан темір жолында» Премьер-Министрдің қатысуымен кеңес өтеді
АСТАНА. Қаңтардың 11-і. ҚазАқпарат - Сейсенбі, қаңтардың 12-сінде «Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамында Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен кеңейтілген кеңес өтеді.

Парламент депутаттары мен мемлекеттік орган қызметкерлері қатысатын бұл кеңесте «Қазақстан темір жолы» компаниясының 2009 жылғы жұмыс қорытындысы сөз болады.