08:40, 12 Қаңтар 2009 | GMT +5
Қазақстан теннисшілерінің қатары толықты
МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Біздің тілшіміздің www.20min.ch спорттық порталына сілтеме жасап хабарлауынша, болгарлық теннисші Сесиль Каратанчева алдағы үш жылда халықаралық ареналарда Қазақстанның атынан өнер көрсететін болады.
![None None](/static/img/plug.webp)
Сәйкес келісімшартқа қол қою жүзеге асып та үлгерген. Соған сәйкес, 19 жастағы теннисші әр маусым үшін 65 мың доллар плюс турнирдегі әр жеңісі үшін бонус алатын болады. С.Каратанчева - 15 жасында әлемнің 39-шы ракеткасы атанған спортшы. Ағымдағы аптада Брисбанда өткен WTA турнирінде Сесиль, өкінішке орай, беларустық спортшымен болған кездесуде сәтсіз ойын көрсетті.