ҚАЗАҚСТАН ТЕРАКТ ҚҰРБАНДАРЫН АЗА ТҰТАДЫ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 9 маусым күні Жалпыұлттық аза тұту күні. Өткен жексенбіде Ақтөбеде қанды қол қылмыскерлердің әрекетінен адамдардың өмірі қиылды, бірқатары ауыр жарақат алды.

Бір топ лаңкес мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталар сәтте елдің тыныштығын бұзды. Осы орайда бұл күні барша халқымыз 5 мамырда  қанды оқиға салдарынан қаза болған боздақтарды қайғыра еске алатын болады, еліміз ойын-сауық шараларынан бас тартып, Қазақстан халқының бірлігі мен болашағы туралы терең-терең ойлар айтылады.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе қаласында болған террористік актілерге байланысты жасаған мәлімдемесінде лаңкестер заңның ең қатаң талаптарымен жазаға тартылатынын қадап айтты.

«Мен қайтыс болғандардың отбасыларына, туыс-туғандарына шын жүрегіммен көңіл айтамын. Қаза тапқан әскери қызметкерлер отан алдындағы антына адал болып, ел қауіпсіздігі жолында өшпес ерлік көрсетті. Олардың ерліктері мемлекет тарапынан лайықты бағаланатын болады. Оның үстіне 4 азамат қайтыс болды, бәрі Ақтөбенің тұрғындары. Сондықтан, мен ертеңгі бейсенбі, 9 маусым күнін Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Қаза болғандардың артында отбасы, бала-шағалары қалды. Менің тапсырмам бойынша, оларға барлық қажетті көмектер жасалуда»,-деді Елбасы

Мемлекет басшысы ел іші бүтін болмаса, ел де болмайтынын, қазір - нағыз елім, жерім деген отансүйгіштікті көрсететін уақыт екенін қадап айтты.

«Халқымыздың қауіпсіздігі мен тұтастығы үшін бәріне де дайын екенімізді көрсететін кез келді. Қауіпсіздік пен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім - ең басты байлығымыз. Біз тәуелсіздігіміздің тірегі болған бұл құндылықтарды көздің қарашығындай сақтаймыз. Мен Қазақстан халқы дүниедегі дағдарыс және бүгінгідей жауапты шақта тағы да барша әлемге елдігі мен бірлігін паш етеріне сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,-деді Елбасы.

 

Ақтөбеде 5 маусымда лаңкестік салдарынан қаза тапқан 7 адам - бейбіт тұрғындар мен әскери қызметшілердің есімдері:

null - «Паллада» дүкенінің сатушысы Максименко Андрей, 1972 жылы туған;













null  - Зейнеткер Онищенко Николай, 1947 жылы туған  («Паллада» маңынан өтіп бара жатқан);













null - «Күзет» қызметінің қызметкері Тәжібаев Мерхан, 1983 жылы туған;













null - «Пантера» дүкеніне келуші Матросов Михаил, 1981 жылы туған;













Сапар_Досбол_Еркинбекулы - Әскери қызметші Сапар Досбол, ОҚО тумасы, 1997 жылы туған;













Майлыбаев Даниэль - Әскери қызметші Майлыбаев Даниэль, алматылық, 1975 жылы туған;













Калиев Берик - Әскери қызметші  Қалиев Берік, БҚО тумасы, 1978 жылы туған.

Соңғы жаңалықтар
telegram