Қазақстан төрағалығымен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтті. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР СІМ мәліметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан төрағалығымен ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтті

Іс-шараға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Тәжікстан мен Түрікменстан сыртқы істер министрлері қатысты.

Қатысушылар ТМД шеңберіндегі сыртқы саяси ведомстволар желісі бойынша ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілерін талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Достастық алаңындағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірқатар шешімдер қабылданды.

Сыртқы істер министрлері биылғы 14 қазанында Қазақстан астанасында өтетін ТМД Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын келісті.