Қазақстан Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалдауды жандандыруда

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Грузия, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан арасындағы Middle Corridor бірлескен кәсіпорны әзірлену үстінде. Ол 2023 жылдың басында немесе ортасында ресми түрде дайын болуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат RailFreight.com-ға сілтеме жасап.

Бұл туралы Транскаспий халықаралық көлік жолы қауымдастығының (ТХКҚ) бас хатшысы Гайдар Әбдікәрімов мәлімдеді.

«Бірлескен кәсіпорын ресми түрде құрылуда, бірақ кем дегенде жылдың соңына дейін күтуіміз керек. Компания 2023 жылдың басында-ортасында ресми түрде жұмыс істей бастайды», - деді TХКҚ бас хатшысы. Оның айтуынша, мұндай бірлескен кәсіпорын жүк тиеу процестерін жеңілдетіп, түрлі елдер мен жолдар арқылы өтуді бірқалыпты ететін Орта дәліз (Middle Corridor) құндылығын арттырады.

Бұған дейін, 31 наурызда төрт мемлекет – Грузия, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан дәліз бойында орналасқан елдердің ынтымақтастықты нығайтуға және транзиттік әлеуетін арттыруға бағытталған Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту туралы төртжақты мәлімдемеге қол қойған болатын.

Мәлімдемеде бағдар бойындағы елдер арасында ынтымақтастық пен Транскаспий көлік дәлізін халықаралық көлік жүйесіне біріктіру үшін инфрақұрылымды дамытуға инвестиция құю маңыздылығы атап өтілген.

Басым бағыттардың бірі – Баку-Тбилиси-Карс (БТК) теміржол желісінің еуразиялық тасымалдардағы бәсекелестік артықшылығын арттыру және осы жолдың өткізу қабілетін жетілдіру жұмыстарын жүзеге асыруды жеделдету.

Еске сала кетейік, Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуропаға баламалы бағыттар бойынша тасымалдаудың тұрақтылығын қамтамасыз етуді тапсырған.


Соңғы жаңалықтар