21:57, 31 Қазан 2025 | GMT +5
                                        Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы триатлоннан Иорданияның Акаба қаласында өткен U19 және U23 жас санаттарындағы Азия чемпионатында екі медаль иеленді.
 
                                              ҚР ҰОК мәліметінше, ерлер арасында U23 санатында Егор Крупяков үшінші орын алып, қола жүлдегер атанды. Александр Тен төртінші, Арлан Жаңабай бесінші, ал Максим Шмулич алтыншы орынға табан тіреді.
U19 санатында Елмұрат Қанай бесінші нәтиже көрсетті, Қуаныш Бекенов жетінші, Илия Крупляков 13-орынға ие болды (Астана). Диана Ержанова U19 жас санатында қола медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, Малайзияның Кампар қаласында өтіп жатқан триатлоннан жастар арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы екі медальға қол жеткізді.
Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогында чемпион атанды.