Қазақстан триатлоннан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды
АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы триатлоннан Гонконгта өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Қыздар арасындағы жарыста жеңіс тұғырының ең биік сатысына Диана Ержанова көтерілді. Спортшы қашықтықты 01:01:59 уақыт нәтижесімен еңсерді.
Екінші орынды Канаде Сугиура (Жапония) иеленді - 01:02:16. Ал Пак Со Ын (Оңтүстік Корея) 01:02:43 уақыт нәтижесімен үшінші болып мәреге жетті.
ҚР ҰОК мәліметінше, ұлдар арасында Рамазан Әйнегов 55:39 уақыт нәтижесімен қола медаль жеңіп алды. Жапониялық Коносуке Учида бірінші орын алды - 55:22. Оның командаласы Даики Нишизаки екінші орынға тұрақтады - 55:34.
Қазақстан футбол федерациясы FIFA Series турнирі жайлы ақпарат жариялады.