Қазақстан тұңғыш дербес бітімгерлік контингентке қанша ақша жұмсайды

АСТАНА. KAZINFORM – Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясына жіберілетін тұңғыш дербес контингентке бюджеттен қанша ақша жұмсалатынын айтты.

әскер
Фото: Kazinform

«Бұл ақшаның бәрі бюджетке салынған. Жалғыз айту керек дүние – бюджетке қару-жарақты, техниканы тасымалдауға қосымша қаржы салынды. Шамамен 8 млн доллардай болады. Бір жыл бойында әр әскери жауынгер ай сайын 1 мың доллар алып отырады», - деді Руслан Жақсылықов БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Айта кетейік, Парламент қазақстандық әскерилердің БҰҰ миссияларына қатысу туралы Жолдауын мақұлдады

Соңғы жаңалықтар