Қазақстан тұрғындары да Охот теңізінің алабында болған жер сілкінісін сезінді

Бүгін, 24 мамырда, Алматы уақытымен 11.45-те Охот теңізінің алабында күшті жер сілкінісі болды. Оның координаттары - 54,87 солтүстік ендікте, 153,33 шығыс бойлықта. Жерасты дүмпуі ошағының тереңдігі - 600 шақырым. Жер сілкінісі тербелісі Mw=8,2. Ол Ресейдің үлкен аумағында және басқа елдерде сезілді. Қазақстанның көптеген тұрғындары жерасты дүмпуін сезді.
Өскемен, Курчатов, Астана және елдің басқа да елді мекендерінде тербеліс сезіліп, аспалы шамдар, картиналар тербелді, жиһаз ішінде тұрған ыдыстар сылдырлады. Жер сілкінісінен 5000 шақырымнан аса қашықтықтағы Алматының өзінде жоғарғы қабаттағы адамдар жер сілкінісін сезді.
Сондай-ақ бұл жерасты дүмпуін Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербор, Төменгі Новгород тұрғындары да сезінгені туралы ақпараттар бар.