Қазақстан тұрғыны Өзбекстанға 500-ге жуық литр этил спиртін шығармақшы болды
ШЫМКЕНТ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының кеденшілері тауар контрабандасының алдын алды.
ОҚО бойынша кедендік бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Баян Каюпованың айтуынша, контрабандашы қазақстан-өзбекстан шекарасында ұсталды.
Қазақстандық нөмірлік белгісі бар оның көлігінен кеденшілер ішінде сұйықтығы бар 339 бір жарым литрлік бөтелкені анықтады. Кейін сараптама оның 95,5 пайыздық этил спирті екенін көрсетті.
Бұдан басқа Қазақстан тұрғыны Өзбекстанға 80 медициналық рентген қабыршақтарын өткізбекші болған.
Тергеу кезінде бұл тауарлардың иесі Қазақстанның 1980 жылғы азаматы екені анықталды. Алынған заттардың жалпы бағасы 1 648 800 теңгені құрады. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.