Қазақстан Үкіметі отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді -Премьер-Министр

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстан Үкіметі отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетеді.
None
None
Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазір біз уақытша дағдарыс кезеңіне тап болдық. Бұл кезеңде біз бүкіл экономиканы тікелей басқаруға алып отырмыз. Осы уақытша қиындықтардан өту үшін тапсырыстарды ұйымдастыру және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры арқылы қаржыландырумен біз отандық тауар өндірушілерге көмектесетін боламыз», - деді Үкімет басшысы. Осыған байланысты Үкімет Қаулыларының пакеті әзірленгенін жеткізген К. Мәсімов, «бұл құжаттағы басты бағыт Қазақстанның тауар өндірудегі үлесін арттыру мен дамытуды ынталандыруға негізделмек», - деді.
Соңғы жаңалықтар