Қазақстан Үкіметінің басшысы Батыс Қазақстан облысында

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Кәрім Мәсімов батысқазақстандықтарды "Қарашығанақ-Орал" газ құбырының іске қосылуымен құттықтады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстанда Қарашығанақ-Орал газ құбыры құрылысы 2005 жылы қолға алынған болатын. Құны 261 млн. АҚШ долларына бағаланған аталмыш жоба облыс тұтынушыларына толық қуатына көшкеннен кейін жылына 500 млн. текше метр табиғи газ беруді көздейді. Мердігері - «ҚазҚұрылысСервис» компаниясы.
Жоба игілігін Теректі ауданы тұрғындары көргелі отыр. Мұнда табиғи газ 15 мыңнан астам халық тұратын 10 елді мекенге берілмек. Сондай-ақ келер жылы Сырым ауданы орталығы Жымпитыға газ құбыры барады. Онымен бір мезгілде Жымпиты-Қаратөбе газ құбыры іске қосылып, Қаратөбе ауданының тұрғындары «көгілдір отын» қызығын көре бастайды. Сонымен Сырым, Қаратөбе және Шыңғырлау аудандарының 60 мыңдай адам мекендейтін 90 ауылын газдандыру көзделіп отыр.
2010 жылға дейінгі облысты газдандыру бағдарламасының нәтижесінде газдандырылған елді мекендер үлесі 2007 жылғы 27,5 пайыздан 72,5 пайызға жетеді, қосымша 225 мың батысқазақстандық газға қосылады. Табиғи газбен облыс халқының 74,1 пайызы немесе 460 мың адам қамтылатын болады.