Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздің жандануына қолдау білдіреді

АШХАБАД. KAZINFORM — Президент БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің ауқымды диалогты бастауы, ірі державалардың саяси ерік-жігер көрсетуі өте маңызды деп санайды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөздің жандануына қолдау білдіреді
Фото: ҚР СІМ

Мемлекет басшысы еліміз Түрікменстан Президентінің БҰҰ бейбітшілік және бейтараптық университетін ашу жөніндегі бүгінгі ұсынысын қолдайтынын айтты.

— Қазірдің өзінде жаһан жік-жікке бөлінуден, тіпті ядролық соғыстан бас тартып, бейбітшілік, сенім, ынтымақ секілді құндылықтарды басшылыққа алған кезде әлемде әділетті және орнықты тәртіп орнатуға болатыны белгілі болды. Осы орайда еліміз Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөз процесінің жандануына қолдау білдіреді. Ресей мен АҚШ президенттерінің Анкоридждегі кездесуінен кейін бейбітшілік пактісінің негізгі ережелері белсенді талқылана бастады. Бұл көптен күткен бітімге келу мүмкіндігін жақындатты, — деді Президент.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Осыған дейін Мемлекет басшысы БҰҰ мінберінде Украина айналасындағы дағдарысты шешудің басты қағидатын атады.

Айта кетейік, Президент Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысып жатыр.

Соңғы жаңалықтар