Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасын қолданушылар саны 700 мыңнан асты

АСТАНА. KAZIFORM — Ұлттық электронды кітапхана 2007 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының негізінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің жобасы ретінде құрылған.

электронды кітап
Фото: Pexels

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2025 жылы кітапхана айтарлықтай көрсеткіштерге қол жеткізді.

— Кітапхана қорында 64 тілде құжат сақталған, платформаны 122 елдің оқырмандары пайдаланады. Олардың қатарында Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Өзбекстан, Түркия, Нидерланд, Франция, Қырғызстан сынды елдер бар. Ал пайдаланушылар саны 718 955-ке жетті. Қазақстан Ұлттық электронды кітапханасы қорында кітаптар, мақалалар, диссертациялар және аудио-видео файлдар — жалпы 83 809 құжат жүктелген, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, барлық материалмен тіркелмей-ақ порталда танысуға болады.

Бұдан бұрын Ұлттық электронды кітапхананы пайдаланушылар саны 44% артқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар