Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы қайтыс болды

АСТАНА. KAZINFORM — Танымал жаттықтырушы, Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы Александр Лисин 55 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы қайтыс болды
Фото: «Астана» ФК

Александр Лисиннің дүниеден озғанын «Астана» футбол клубы растады. Клубтың мәліметінше, ол — Целиноград футболының түлегі. Футболшы «Целинник», «Астана» және «Жеңіс» клубтарының намысын қорғап, Қазақстан ұлттық футбол құрамасында өнер көрсеткен. Кейін Қазақстанның футзалдан ұлттық құрамасының сапында да ойнады.

Лисин ұзақ жыл бойы «Астана» футбол клубының жүйесінде еңбек етіп, жас футболшыларды тәрбиелеуге және балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға зор үлес қосты.

«Астана» футбол клубы Александр Лисиннің кәсіби шеберлігі, футболға деген адалдығы және жас ойыншыларды баулыған өлшеусіз еңбегі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін ОАР құрамасының футболшысы әлем чемпионатынан кейін қайтыс болғанын жазғанбыз.