«Қазақстан» ұлттық арнасының үлес салмағы мен рейтінгінің өсуіне төл өнімдері сапасының артуы мен қазақ тілді бағдарламалардың бәсекеге қабілеттілігі әсер етті - ТНС зерттеу компаниясы

АСТАНА. 14 ақпан. ҚазАқпарат - «Қазақстан» ұлттық арнасының үлес салмағы мен рейтінгінің өсуіне төл өнімдері сапасының артуы мен қазақ тілді бағдарламалардың бәсекеге қабілеттілігі әсер етті.
None
None

Бұл туралы ТНС (TNS) зерттеу компаниясы хабарлады. Компанияның мәліметтері бойынша, «Қазақстан» Ұлттық арнасы 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендер, яғни, жалпы саны 8,3 млн адамды құрайтын шағын қалалар, аудандар мен ауыл тұрғындары арасында орташа тәуліктік үлес көрсеткішімен бірінші орынға шықты.

2012 жылы «Қазақстан» ұлттық арнасы 6+ (6 жастан жоғары қазақ және орыс тілді көрермендер) және 6+ қаз (6 жастан жоғары тек қазақ тілді көреремендер) бағамы бойынша 2 және 1 орындарда тұрақтаған болатын. 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап (10 ақпанға дейін) Ұлттық арна қазақ тілді аудиторияда ғана емес, барлық телевизиялық аудитория бойынша да отандық өзге телеарналардың алдына шығып, жетекші позицияны нық ұстап тұр.

Хромая лошадь

Бұрын Қазақстан Республикасы сараптамалық зерттеулерді 100 мыңнан жоғары тұрғындары бар қалаларда ғана жүргізіп келді, ал 2012 жылдың 1 сәуірінен бастап 100 мыңнан төмен тұрғындары бар елді мекендерді де зерттей бастады.
«Қазақстан» ұлттық арнасының үлес салмағы мен рейтінгінің өсуіне төл өнімдері сапасының артуы мен қазақ тілді бағдарламалардың бәсекеге қабілеттілігі әсер етті.

Соңғы жаңалықтар