Қазақстан ҰОК өкілдері Азия Олимпиадалық кеңесінің Аймақтық форумына қатысты

АСТАНА. KAZINFORM – Тәжікстан астанасы – Душанбеде Азия Олимпиадалық кеңесінің Аймақтық форумы – «Олимпиадалық ынтымақтастық–2025» жобасының екінші кезеңі өтті. Форумға Орталық және Батыс Азияның 19 Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері қатысты.

Қазақстан ҰОК өкілдері Азия Олимпиадалық кеңесінің Аймақтық форумына қатысты
Фото: ҰОК

Аталған жиында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінен бас хатшы Әлімжан Ақаев, бас директор Нұрлан Нөгербек және халықаралық қатынастар департаментінің директоры Анар Сыздықова төбе көрсетті.  

Форум бағдарламасы 2026 жылы Аичи–Нагояда өтетін Азия ойындарына, 2025 жылы Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына, сондай-ақ 2026 жылы Эр-Риядта өтетін жабық кешендегі және жауынгерлік өнер түрлерінен Азия ойындарына дайындық мәселелерін қамтыды. 

Сонымен қатар Халықаралық Олимпиадалық комитеті ұсынған 2025–2028 жылдарға арналған Олимпиадалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Жиын барысында спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, ҰОК-ті дамыту және олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету мәселелері де қаралды.

Қазақстан ҰОК өкілдері Азия Олимпиадалық кеңесінің Аймақтық форумына қатысты
Фото: ҰОК

Іс-шара аясында Тәжікстан ҰОК Азия Олимпиадалық кеңесінің «Барлығына арналған Азия ойындары» бағдарламасы аясында бұқаралық Fun Run жүгіру жарысын ұйымдастырды. Бұл бастама құрлықтық басты спорттық шараны насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған.

Айта кетейік, бұл форум аймақтағы олимпиадалық қозғалысты дамыту, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды алаң болды.

Бұған дейін Геннадий Головкиннің Қатар ҰОК басшысымен кездесу өткізгенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар