11:07, 03 Маусым 2025 | GMT +5
Қазақстан үш мұнай алпауытын тапсырыстағы «елішілік құндылық» үлесін арттыруға міндеттемек
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан үш мұнай алпауытын тапсырыстағы «елішілік құндылық» үлесін арттыруға міндеттемек. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлім етті.

— Тауарлар бойынша Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг бойынша елішілік құндылықты 2025 жылғы 18%-дан 2029 жылы 30%-ға дейін, NCOC бойынша 2025 жылғы 17%-дан 2029 жылға қарай 28%-ға дейін ұлғайту көзделген, — деді ол.
Министрдің сөзінше, дәл осындай жұмыс «Теңізшевройл» ЖШС-мен де жүргізіліп жатыр.
— ТШО бойынша елішілік құндылықты дамыту бағдарламасы бүгінгі таңда келісу сатысында, — деді Ерлан Ақкенженов.
Сондай-ақ, бүгінгі отырыста Премьер-министр Бектенов Самұрық-Қазынаның отандық өндірушілерден тауар сатып алу көрсеткішін сынады.