Қазақстан үшін 2008 жыл өте сәтті болды ? Г. Марченко

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспанәлиев/ - Қазақстан үшін 2008 жыл өте сәтті болды.
None
None
Ағымдағы операциялардың төлем балансы 8,9 млрд. АҚШ доллары көлемінде профицитпен аяқталды. Тауар экспорты 72 млрд. долларды құрап, өсім 49 пайызға жетті. Ал импорт 98,5 млрд. долларды құрап, 15,7 пайызға өсті. Бұл мәліметтерді бүгін «Нұр Отан» партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракциясының кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, осындай өсімдерден кейін сауда балансы 33,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен екі еседен астам жоғары. «Сонымен бірге, шеттен тартылған тікелей инвестиция көлемі 12,4 млрд. долларды құрады. 2007 жылдың тамыз айынан бастап қаржы дағдарысының алғашқы толқыны басталған болатын. Соған қарамастан, біз елімізге бұрын-соңды болмаған инвестиция тарта білдік. Бұл үлкен жетістік», деді Ұлттық банк төрағасы.Оның мәліметтеріне қарағанда, 2008 жылы банктердің сыртқы активтері 1,6 млрд. доллардан асты. Ал олардың сыртқы қарыздары 6,9 млрд. долларға қысқарды. Яғни, 2008 жылы еліміздің банктері сыртқы міндеттерін толығымен орындады.
Соңғы жаңалықтар