«Қазақстан үшін дауыс бер!» - Павлодардағы акция

ПАВЛОДАР. 25 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Кеше Павлодар қаласында «Қазақстан үшін дауыс бер!» акциясы болып өтті, деп хабарлады «Әлеуметтік волонтерлік орталық» жастар бірлестігі.

«Қазақстан үшін дауыс бер!» - Павлодардағы акция

«Достық» концерт залында жас белсенділер жиналды. Бозбалалар мен бойжткендер «оқу» сайлауларына, байқаулар мен викториналарға қатысып, жергілікті эстрада жұлдыздарының әндеріне би биледі.

«3 сәуір күні еліміз үшін аса маңызды оқиға - Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өткізіледі, - деп атап өтті ұйымдастырушылар. - Бұл оқиға біздің еліміздің одан әрі дамуының бағытын нақтылайды, сондықтан әрбір қазақстандық өз дауысын беруі тиіс. Біздің акцияның мақсаты - сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуін арттыру».

«Біз қандай да бір кандидат үшін дауыс беруге үгіттемейміз, - дейді Әлеуметтік волонтерлік орталық» жастар бірлестігі төрайымының міндетін уақытша атқарушы Ольга Гуляева. - Біз жастарды өз елі мен халқының алдындағы азаматтық парызын орындап, сайлауда дауыс беруге шақырамыз».