Қазақстан үшінші ел тауарының астында қалады деген қауіп шындыққа сай емес - «Атамекен» ҰЭП

«Қоғамдық ортада қазіргі уақытта Қазақстанның Бірыңғай экономикалық кеңістікке кіруінен белгілі бір дәрежеде теріс салдар бар, ал егер біз ДСҰ-ға кірер болсақ, онда тіпті өзіміздің өндірісімізді жоғалтамыз деген пікір орын алуда», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Кедендік одаққа кіргеннен кейін тарифтердің орташа деңгейі 6,2 пайыздан 11,4 пайызға дейін көтерілген. Яғни өсім 5,2 пайызды құрайды. Ал Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргеннен кейін тарифтер деңгейі Ресеймен теңестіріледі. Дегенмен, қалай болғанда да ол Қазақстан Кеден одағына кіргенге дейінгі деңгейден жоғары болады. Яғни, Қазақстан Кеден одағына кіргенге дейін тарифтердің барынша либералды деңгейін ұстанған болатын. Сондықтан Қазақстан үшінші ел тауарының астында қалады деген қауіп шындыққа сай емес.