Қазақстан валидациялық есепті маусымның 30-на дейін аяқтауы керек- Мүдделі тараптар ұлттық кеңесінің мүшесі

АЛМАТЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Валидациялық есепті жасауда Қазақстан өзге елдерге қарағанда көбірек жұмыс істеуіне тұра келеді. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан Өндіруші салалардың ашықтығы (ӨСА) бастамасын жүзеге асырудың ІІІ Ұлттық конференциясында айтылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан ӨСА бастамасы есебін валидациялау мерзімін қыркүйектің 9-ына дейін ұзартты. ӨСА бастамасы Басқармасының келесі жиналысы енді қазан айында өтеді. Қазақстан валидатормен және Валидациялық комитетпен валидациялық есепті маусымның 30-ына дейін аяқтауы керек.Сондай-ақ ақырғы есепті шілденің 9-ына дейін ӨСА бастамасы Басқармасының қарауына ұсынуы тиіс", дейді Мүдделі тараптар ұлттық кеңесінің мүшесі, ЭксонМобилдің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Патрисия Грэхам. Оның айтуынша, Қазақстан бүкіл бұл үрдісті 2-5 жылда қайталап отыруы қажет. Жалпы валидациялық есепті жасауда Қазақстан өзге елдерге қарағанда көбірек жұмыс істейді. Өйткені мұнайгаз және тау-кен секторындағы компаниялары көбірек.

Соңғы жаңалықтар