Қазақстан жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға кірісті - Елбасы Жолдауы
ӨСКЕМЕН. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жария еткен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев,
Қазақстанның үдемелі индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырудың екінші жылына кірісіп отырғанын, ондағы басты мәселе - әлеуметтік жаңару мәселесі екенін атап көрсетті. Олар білім беру, денсаулық сақтау, тілдерді дамыту мәселелері.
Елбасы Үкіметке 1 мамырға дейін халықты еңбекпен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты түрлендіру, халықты таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағдарламаларын әзірлеуді тапсырды. Мемлекеттің жаңа әлеуметтік саясаты бірінші кезекте халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады.
Елбасының айтуынша, ең алдымен барлық кәсіптік мектептер жаңартылады, олардың жарақталу деңгейі мамандарды дайындаудың халықаралық стандарттарына сай болуы керек.
Кәсіптік техникалық кадрларды дайындау ісі бизнестің белсенді атсалысуымен жүзеге аспақ.