Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Қазақстан жаңа институционалдық даму кезеңіне қадам басты — Доменико Палмиери

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан конституциялық реформадан кейін институционалдық дамудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Бұл туралы Азия бойынша Италия институтының бас хатшысы Доменико Палмиери мәлімдеді.

Доменико Палмиери
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Бас хатшының айтуынша, елде болып жатқан өзгерістер Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңызды мәнге ие.

— Бүгін Қазақстан үшін аса маңызды күндердің бірі. Конституциялық реформаны жүзеге асыру елдің болашағына жасалған маңызды қадам, — деді Доменико Палмиери.

Ол жаңа институционалдық тетіктерді енгізу жүйелі жұмысты және мемлекеттік құрылымдардың оларға бейімделуін талап ететінін атап өтті.

— Жаңа институционалдық өзгерістер іс жүзінде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл дамудың жаңа кезеңінің бастауы, — деді сарапшы.

Палмиери сондай-ақ конституциялық өзгерістер мемлекеттік органдардың жұмысы мен әлеуметтік-экономикалық саланы қамтитынын атап өтті.

Оның пікірінше, Қазақстанның одан әрі дамуы жаңа ережелердің қаншалықты тиімді жүзеге асырылатынына байланысты болады.

— Жаңа Конституция алдағы өзгерістерге негіз қалайды. Ендігі маңызды міндет осы өзгерістердің іс жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, — деп қорытындылады Доменико Палмиери.

Бұған дейін ТМД байқаушылары дауыс беру нәтижелеріне ықпал етуі мүмкін бұзушылықтарды байқамағанын айтқан еді.